Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017

Рудныйда  Жаңа жыл алдында 120 отбасы қоныс тойын тойлады

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудный қаласында Тәуелсіздік алған жылдардан бері бірінші рет 60 пәтерлік  екі жаңа үй тапсырылды. Бұл арендалық баспаналарды қалалық әкімдікте  пәтер кезегінде тұрғандар алды. Оның кілтін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзі келіп тапсырды.

Рудныйда  Жаңа жыл алдында 120 отбасы қоныс тойын тойлады

«Рудный қаласын көркейту үшін бюджеттен көп қаржы жұмсалуда. Жаңа үйлер салумен қатар, алдағы жылы ескі үйлердің сыртын жөндейтін боламыз» деді Архимед Бегежанұлы.

Кеншілер қаласында салынған екі үйдің инфрақұрылымы үшін бюджеттен «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша  бір миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді.

«Бұл үйлерге әлеуметтік аз қорғалған тұрғындар кіретін болады. Олар зейнеткерлер, жетім балалар, толық емес отбасылар, мүгедектер, көп балалы отбасылар мен мүгедек балалар асырап отырған ата-аналар» деді  қала әкімінінің орынбасары Елена Скаредина.

Алдағы жылы қаладағы паркте Рудныйдың төңірегін биіктен түгел көретін диаметрі 40 метрлік шолу дөңгелегі салынатын болады.   

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Рудный